г. Алматы

ул. Егизбаева 13, офис 304

Напишите нам:

info@aval.kz

Телефон

8 (727) 250-15-37

«Аваль» халықаралық төрелік соты

««Аваль» халықаралық төрелік соты» азаматтық-құқықтық өзара қатынастардың субъектілер арасында туындайтын дауларды Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша қарастыратын, олардың арасында төрелік келісім болған жағдайда, дауды оның қарауына тапсыруды қарастыратын тұрақты әрекет ететін төрелік сот болып табылады.

«Аваль» халықаралық төрелік сотының қызметін ұйымдастыру оның Регламентіне, «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Аваль» халықаралық төрелік соты дауларды сапалы, дұрыс және риясыз қарастыруды қамтамасыз ететін барлық ресурстарға ие.

«Аваль» халықаралық төрелік сотының жұмыс қағидалары:

— Дауларды қарастырудың оңайлатылған тәртібі;

— Процесстің жеделдігі мен үнемділігі;

— Риясыздық және объективтілік;

— Соттардың шешімі түпкілікті болып табылады;

— Алым төлеудің икемді жүйесі;

— Қаржылық жағдаймен, нарықтағы жағдаймен байланысты барлық қажеттіліктерді және басқа қажеттіліктерді ескере отырып, толық

құпиялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ бізбен ынтымақтасатын әрбір ұйымға жеке қатынас жасау.

Өз қызметі барысында «Аваль» халықаралық төрелік соты дауларды кәсіби және объективті қарауына орай, банк және қаржы қызметтерін, өнеркәсіптік және құрылыс индустриясын және т.б. қоса алғанда, экономиканың алуан түрлі салаларында төрелік теуші талқылаудың бай тәжірибесін жинақтады.

Халықаралық практика

«Аваль» халықаралық төрелік соты Орталық Азияның беделді төрелік институттарының бірі болып келеді. «Аваль» халықаралық төрелік соты Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және т.б. сияқты елдерде халықаралық дауларды қарастыруда оң тәжірибеге ие. Қазіргі таңда 2009 жылдан бастап 6974 іс есептелді. «Аваль» халықаралық төрелік соты дауларды тез қарауды ұсынады: істердің 95%-дан астамы 20 күнтізбелік күн ішінде қаралады.

Төрелік ескертпесі

«Аваль» халықаралық төрелік сотына сот талқылауын өткізу үшін, Сізге келісім жасау қажет. Келісімде Төрелік ескертпенің мәтіні жазылған (ескертпесінің мәтіні түзетуге жатады): «Осы шарттан келіп туындауы немесе онымен байланысты болуы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар екіжақты келіссөздер өткізу арқылы шешетін болады. Егер дауларды Тараптар сотқа дейінгі тәртіпте шешпейтін болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпті сақтай отырып, олар Алматы қ. . «Аваль» халықаралық төрелік сотының» орналасқан мекенжайы бойынша Регламентке, бір төрағалық етуші Төреші мөлшеріндегі төрешілер алқасына сәйкес «АВАЛЬ» халықаралық төрелік сотында» түпкілікті шешуге жатады. Осы Шарттың тараптары Регламентпен танысты және онымен келіседі. Осы Шарттағы осы тармақ тараптардың барлық даулы мәселелерді тек қана «Аваль» халықаралық төрелік сотына» тапсыру туралы төрелік келісім болып табылады. «Аваль» халықаралық төрелік сотының» шешімі тараптар үшін түпкілікті және міндетті болып табылады.